Павлодарда республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық таза өнімдер жәрмеңкесі өтіп, тұрғындар кітап алмасты. Қаланың кейбір тұрғыны ескі кітаптарды өткізді.

Тұрғындар көрмедегі кітапты тамашалап, ішінінен өздеріне қажет туындыларды таңдап алуда. Ескі кітапты әкеліп өткізіп жатқандар да бар. Ал, «Жасыл елдіктер» оларға бөлме өсімдіктерін сыйлауда. Тұрғындарға жүздеген кітапты тамашалап, өздеріне керегін таңдауға мүмкіндік берілді.

Ал, бұнда экологиялық таза өнімдер жәрмеңкесі. Шебер қолдардан шыққан бұйымдардың балаларға еш залалы жоқ.

Шығармашылық пен белсенділікті ұштастырған акция аясында тұрғындар ашық микрофонда сөз алып, өнер көрсетуге де мүмкіндік берілді. Студенттер экологиялық ойын ойнап, қоршаған орта жайлы білімдерін шыңдады.

Жанасыл Серікбол