Қазір 15 түрлі азық-түлік тауарының бағасы еліміздегі орташа бағадан төмен. Ал 10 тауар бойынша біздің облыс — ең арзан баға қойылған алғашқы бес өңірдің бірі. Атап айтсақ – бірінші сұрыпты ұн, бірінші санаттағы жұмыртқа, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, сүт,айран, картоп, сәбіз қол жетімді бағада сатылып жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында айтылды.

Өңірімізде 210 әлеуметтік дүкен бар. Сауда орындарына тауар тұрақтандыру қорынан тасымалданады. Өнімнің сауда үстемесі 10 пайыздан аспауы керек. Қордан қант 410 теңгеден саудаланады. Дүкен сөресіне 451 теңге болып жеткізіледі. Сұйық май 648 болса, дүкенде 713 теңге. Ал бірінші сұрыпты ұн бағасы 154 теңге болып сатылып тұр. Күнделікті тұтынатын тауарлар қорда жеткілікті.

Талғат Дұғалов, Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы

Бағаны ұстау мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бірінші тұрақтандыру қорын қалыптастыру. Қорда 2,2 млрд теңгеге 12 түрі бойынша 1,7 мың тонна өнімбар. 202 серіктес дүкендері арқылы жүргізіледі. Нарықтағы бағаны ескере отырып, жыл басында бронда болған сату басталды. Барлығы 1,3 тонна картоп, 281 тонна сәбіз, 175 тонна қырыққабат броннан алынған.

Кей аудандарда азық-түлік бағасы орынсыз қымбаттаған. кәсіпкерлер делдалдықты көбейтіп, бағаны қолдан көтерген. Тұрақтандыру шараларын күшейту мақсатында облыс әкімі аудан басышларына қадағалау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Талғат Дұғалов, Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы

Қорытындылай келе өңірдегі бағаларға тоқталсақ. Орташа бағадан асып кету саны бұл Ақтоғай және Баянауыл аудандарында байқалды. Ақтоғайда 7 позиция, Баянауыл 6 позиция. Орташа есеппен 4 позиция бойынша байқалды.

Облыс әкімі жауапты басқарма басшысынан қырыққабат бағасын сұрады. Өнім Түркістан облысынан жеткізіледі. Дүкен сөресінде 250 теңге болып саудалануда. Оның бағасы 60 теңгеге тағы төмендейді.

Өңір басшысы аудан әкімдеріне бағаны бақылауда ұстап тұруды тапсырды. Кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар өнімдерге сауда үстемесін 10 пайыздан асырмауы тиіс.

Әйгерім Тоқпанқызы