Ақсуда кітап оқу бәйгесі қорытындыланды. Облыста бұрын болмаған бәйге ұлттық кітап күні жарияланған еді. Қатысушылар қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Мағауинның «Шақан шері» және «Көкбалақ» романдарын оқыды. Жеңімпаз да майталман жазушының соңғы шыққан 26 томдығына иелік етті.
Кітап – таусылмас қазына. Ерінбей оқыған жан даналықтың сырын ұғады. Ал, көркем әдебиеттің жөні тіптен бөлек. Адам жанынның сұлулығы, ойы мен арманы, мұңы мен қуанышы осында.
Медығат Манапов, Ақсу қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Ұлттың зияткерлігін қалыптастыру жолындағы бірінші міндет әрине ұлттық классикалық әдбиетті оқыту, насихаттау. Мұхтар Мағауинның 26 томын оқып шығу мүмкін емес. Сондықтан, екі романды таңдадық. «Көкбалақ» және «Шақан шері».
Қатысушылар алдымен «Көкбалақ» романы бойынша тест тапсырды. Шығарманың детальдары мен мазмұны ойларында қаншалықты қалғандығын осылай дәлелдеді.
Нұрсұлу Дәрігерхан, қатысушы
Кітап оқыған өзіме ұнайды. Осыдан үш жыл бұрын декретте болдым. Сол кезде кітап оқуды хоббиіме айналдырдым десем де болады. «Шақан шеріні» бұрын оқығанмын. «Ккөкбалақты» алғаш рет оқуым. Осы бәйгеге түскенде бастадым.
Қатысушылар «Көкбалақ» романы бойынша тест тапсырып болған соң «Шақан шері» романы бойынша ауызша сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар билет арқылы таңдалды. Әрине, бәйгенің бұл кезеңінде классикалық қазыналар қатарына кірген романның мазмұны мен идеясы төңірегінде, жазушының суреткерлігі жайлы әңгіме өрбіді.
Нұрбақыт Қуатбек, қатысушы
Бірінші рет ұйымдастырылып жатыр ғой деймін Павлдар өңірінде. Өте жақсы әсерде болдым. Өйткені, Мұхтар Мағауинның шығармаларынан болғандықтан, рухты, өзімізді өзіміз тануымызды көрсетті. Жалпы мен «Шақан шерімен» таныспын. Бұрын оқығам. «Көкбалақты» бірінші рет оқыдым. Екі шығармада да кейпкерлер арқылы қазақ халқының күресін бейнелейді. Көре аламыз яғни.
Бәйгеге мектеп ұстаздары да, оқушылар да, өзге де сала қызметкерлері де қатысты. Кітап оқу мәдениетінің қаншалықты қалыптастыра алғандықтарын көрсете білді.
Жанасыл Серікбол