Павлодар қалалық ауруханасы 20 жыл бұрын өткізген операцияны қайталады. Аса күрделі ісікті алып тастау бойынша медицина ғылымдарының докторы мастер класс көрсетті. Толығырақ тілшіміз әңгімелесін.
Бұл операция жоғары технологиялық күрделі араласулардың бірі болып табылады. Науқас — ұйқы безі басының ісігіне шалдыққан ер адам. Бір ай бұрын өт жолына катетер орнатылып, механикалық сарғаю жойылды. Енді операцияның екінші кезеңінде — ұйқы безіндегі ісік алынып тасталды. Мастер-классты еліміздің трансплантология саласының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстандағы механикалық сарғаю және күрделі хирургиялық орталықтарды үйлестіруші, профессор Болатбек Бимендіұлы жүргізді.
Мұндай операция жоғары технологиялық әдістерді қажет етеді. Мастер-класс барысында павлодарлық хирургтер кәсіби тәжірибе жинақтады. Енді олар осындай күрделі оталарды өз беттерімен жүргізе алады. Профессор шеберлік сағаты кезінде операцияның әр кезеңін түсіндірді.
Нұрлан Жұмажанов, №1 Павлодар қалалық ауруханасының басшысы
Бұл жерде айта кеткен жөн шеберлік сағаты белсенді түрді шаһардағы аурухананың қайта жабдықталуының арқасында өтті. Бұл жаңартулардың арқасында біз жаңа құралдарға қол жеткіздік. Осы сынды күрделі оталарды жоғары деңгейлі құралдарсыз өткізу мүмкін емес.
Ота сәтті аяқталғаннан кейін мамандар меморандумға қол қойды. Бұл шара өңірлік дәрігерлерге болашақта басқа да күрделі хирургиялық операциялар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Байтұрсын Жұмабай