Жаз мезгілі басталысымен энтеровирустық инфекциялар жиілей түседі. Энтеровирустар — көбіне балалар арасында жиі таралатын жұқпалы аурулар тобы. Олар асқорыту жүйесіне, жүйке жүйесіне және теріге әсер етуі мүмкін. Бұл туралы дәрігерлер өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Биыл облыста энтеровирустық инфекцияның зертханалық түрде расталған үш жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төрт есе, өткен жылы 12 жағдай анықталған еді. Лабораторияда 34 сарқынды су үлгісі зерттелді. Зәмзәгүл Дощанова, Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Энтеровирус сыртқы ортада өте төзімді. Ол сарқынды суларда, жүзу бассейндерінде, ашық су қоймаларында, сондай-ақ тұрмыстық заттарда ұзақ уақыт бойы сақталып, белсенді күйінде қалуы мүмкін. Мысалы, суда вирус 110 күнге дейін, ет пен сүзбеде – алты айға дейін сақталады. Энтеровирустар жаңа піскен көкөністер мен жемістерден де анықталады. Жылдың кез келген уақытында жұқтыру мүмкін, бірақ сырқаттану жағдайлары көбіне жазда және күздің басында, әсіресе балалар арасында тіркеледі.
Дәрігерлердің айтуынша, энтеровирустар — көбіне балалар арасында жиі таралатын жұқпалы аурулар тобы. Олар асқорыту жүйесіне, жүйке жүйесіне және теріге әсер етуі мүмкін. Негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, іш өту, бөртпелер және әлсіздік жатады.
Зәмзәгүл Дощанова, Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Әрбір бала энтеровирустық инфекциямен бетпе-бет келеді. Ауру кез келген жастағы адамдарда кездесуі мүмкін. 90%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеледі. Көп жағдайда энтеровирустар ешқандай белгісіз немесе жеңіл түрде өтетін инфекцияларды тудырады. Алайда, кей кездері ауру ауыр түрде өтіп, серозды менингит немесе жедел ішек инфекциясының белгілерімен көрініс беруі мүмкін.
Энтеровирустық инфекция маусымы енді ғана басталды. Алғашқы шағымдар сәуірдің ортасынан түсіп жатыр. Қазіргі уақытта стационарда төрт адам ем қабылдауда.
Мамандар ата-аналарға ыстық күндері балаларына ерекше көңіл бөлу керектігін ескертеді.
Қымбат Садық