Алматы қаласынан оралған жеңімпаздарды сыныптастары мен мектеп ұжымы осылай қарсы алды. Оның себебі де бар. Байқауда бақ сынаған 80 ұжымның арасынан біздің өрендер үздік атанды. 118 нөмірдің ішінен «Салтанат» би ансамблінің бес биі жүлдемен оралды. 

ТАЛҒАТ ХАНСҮРІН – «Салтанат» би ансамблінің жетекшісі

Бірінші, екінші, үшінші орындарды аламын ғой деп барғам. Әр адамның арманы ғой алу. Бірақ балаларымыз жұлынып шығып, өз номинациясында, халық биі номинациясында 4 бірінші орын, 1 екінші орынмен келдік. 

5-ші сыныптың оқушысы Ислам Аманбай би үйірмесіне жазылғанына көп болмаған. Дегенмен, қажырлы еңбек пен тиянақты дайындықтың арқасында бүгінде алғашқы нәтижеге қол жеткізді. Халықаралық фестивальде жас биші екі номинацияда жеңімпаз атанды.    

ИСЛАМ АМАНБАЙ - №25 мектептің оқушысы

Мен билегенде қорқып, қиналдым. Маған ол жақта көп билер ұнады. Бірақ біз гран-приді ұтып алмасақ та басқа орындармен келдік. 

«Еуразия жұлдызы» өнер фестивалі жасөспірімдер мен балалар шығармашылығын қолдауға негізделген. Осымен бесінші мәрте өткізілген шараның географиясы да кеңейген. Биыл Қазақстан, Ресей, Якутия мен Қырғыз елінен келген өнерпаздар бақ сынады. Қазірде «Салтанат» би ансамблі кезекті байқауға дайындықты бастады. Жас бишілер Түркия мен Ресейдің Сочи қаласында өтетін конкурсқа аттанбақ. 

Назерке ҚАНАҒАТ

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, Салтанат би ансамблі,