Атамекен кентінде екі қабатты үйде өрт шығып, 19 жасар жігіт зардап шекті. Қазір оның жағдайы ауыр, отбасыға да жан-жақты көмек қажет. Толығырақ Самал Қалиқызы айтсын.

4 ақпан күні дәл осы үйде өрт шығып, 19 жастағы жігіт улы газдан уланып қалды. Бұл уақытта ата-анасы, ағасы жұмыста болған. 1 топтағы мүгедек жігіт көмек сұрауға да үлгермеген.

ТАЛҒАТ ТҰРСЫНБАЕВ, АТАМЕКЕН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

Жұмыста болған кезде көршім звандады. 11.17 кеткенде. Аға сіздің жақтан түтін шығып жатыр деді. Соларға кіріп жатыр екен. Мен бірден келдім. Есікті ашып қалғам, қара түтін шықты. Мына жақ жанды. Баламды тауып алып, шығарып алдым. Сол кезде көршім кеп қалды. Оларға да түтін кетіпті.

Үй иесі ес-түссіз жатқан баласын далаға шығар сала, жанып жатқан баспанасына қайта кіріп газ баллонын шығарып үлгерген. Содан өрт сөндірушілер, жедел жәрдем қызметі келді, дейді. 19 жасар Еркебұланды бірден ауруханаға әкетіпті. Қазір жағдайы ауыр.

ЕРХАНА АНАПИЯНОВА, АТАМЕКЕН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

Баламның жағдайы өте ауыр халде. Реанимацияда. Павлодар қалысының БСМП емханасында. Халі өте ауыр. Алладан сұрап отырмыз. Баламыздың жағдайы жақсарсын деп. Бала уланған. Көзінде гематова. Қайдан келгенін білмеймін.

Атамекен кентіндегі бұл екі қабатты үйлердің салынғанына 60 жылдан асты. Тұрсынбаевтар отбасы мында 25 жылдай тұрады. Жалын тоқтың қысқа тұйықталуынан басталған, деп отыр.

ТАЛҒАТ ТҰРСЫНБАЕВ, АТАМЕКЕН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

Замыкание болыпты. Эксперт- лаборанттар көрсетті қай жерден жанғанын. Сыммен төбенін үстімен кеткен ғой. Төбеден кетті дейді. Төбенің бәрі ағаш, бізде аспалы төбе. Тез кетеді екен.

Қазір отбасы үйлеріне жақын жерден баспана жалдап отыр. Жанған үй тұруға жарамсыз. Жиһаз бен техника да несиеге алынған. Қытымыр қыстың ортасында баспанасынан айырылған отбасыға тұрғындардан көмек көрсетіліп жатыр. Соған қарамастан біз де жәрдем болсын деген мақсатта үй иесінің нөмірін көрсетіп отырмыз.

Самал Қалиқызы