Биыл елімізде 2000-ға жуық мәдени іс шара өтеді. Олар формальді түрде өтпеуі керек, әрқайсының мазмұны мен тағылымы терең болуы тиіс. Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі алқа отырысында осыны айтты. Аида Балаева, бөлінген қаражаттың да сұрауы болатынын ескертті. Сондай-ақ мәдениет және БАҚ саласында аптқарылған жұмыстардың есебі жасалды.
Биыл Конституциясының және Қазақстан халықтары ассамблеясының 30 жыл, ал Жеңіске 80 жыл. Одан бөлек Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезі өтеді. Бұл биыл өтуі тиіс маңызды шаралардың бір сыпырасы ғана. Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Аида Балаева 2000 мыңға жуық іс-шараның жоспары жасалғанын айтты.
АИДА БАЛАЕВА – ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ
Сонымен қатар Ұлы Абайдың 180 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы, Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы, Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы тағы да басқа белгілі тұлғаларымыздың мерейтойлары аталып өтіледі. Бұл іс-шараларға қатысты кешенді жоспарлар бекітілді. Дегенмен атқарылған жұмыстар формальді түрде өтпеуі керек. Әр шараның мәні мен мазмұны, тағылымы терең болуы тиіс.
Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрілігі «Е-архив» жүйесімен интеграцияланған «Батырларға тағзым» атты онлайн платформасын ашпақ. Мақсат екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар туралы барлық ақпаратты жинақтап, халыққа қолжетімді ету. Ал, былтыр атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, ұлттық мүддемізге, идеологиямызға сай келетін басым бағыттар бекітіліп, біразы жүзеге асты.
МЕРЕКЕ ҚҰЛКЕНОВ – ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
- 2024 жыл бұл – Мәдениет жылы болды деп айтсақ артық емес. Біздің ұлы жазушымыз, қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығын қазақ, соның ішінде Алматы облысы керемет атап өтті. 02:57 Президенттің, Үкіметтің, өзіміздің министрліктің қолдауын үнемі сезіп келе жатырмыз. 04:48 Ол бүкіл қазақтың балаларына арналған кермет шығарм алар жазған. ЮНЕСКО-ның көлемінде ол кісінің «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» атты кітабы француз тіліне аударылып, сол жерде тұсаукесері өткізілді. Біздің министрліктен адамдар барды, жазушылар, депутаттар бар. Сонда таң қалғаным қазақ баласының жан дүниесін, мінез құлқын француздардың сондай керемет қарсы алғандығы.
Жиында өнер саласында да атқарылған шаралар тындалды. Енді отандық фильмдерге бөлінетін қаржының 30 пайызы тікелей «Қазақфильмге» бағытталмақ. Сондай-ақ жасанды интеллектті қолдану аясын кеңейтіп, креаативті индустрия саласын дамыту көзделіп отыр.