Әдеп жөніндегі кеңес отырысында екі мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қаралды. Нәтижесінде біреуіне ескерту, екіншісіне қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тарту ұсынылды.
Алғашқы тәртіптік іс бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізу барысында келесі мән-жайлар анықталды. 2024 жылдың 12-13 желтоқсан және 17-19 желтоқсан аралығында Павлодар облыстық орман шаруашлығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының орынбасары Қайрат Мұсағалиев, бөлімнің бас маманы, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері бар комиссия құрамымен «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында кешенді тексеру жүргізді.
МҰРАТ БАЙМОЛДИНОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
Сол күні сағат 19:00-20:00 аралығында Первомай орманшылығы кеңсесінде Азнабайдың қатысуымен Инспекция башысының орынбасары Мұсағалиев пен Резерват қызметкерлері Есумканова, Жүнісов, Ибрагимов пен Егембердиев арасында әңгіме болды. Есумканованың өтінішіне сәйкес, Қ. Мұсағалиев әңгіме барысында Резерват қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша негізсіз айып тағып, іскерлік беделге нұқсан келтіретін сөздер мен балағат сөздер айтқан.
Қайрат Мұсағалиев өз түсініктемесінде оның барлық әрекеттері іскерлік әдеп нормалары мен Әдеп кодексінің шеңберінде ғана болғанын жеткізді.
ҚАЙРАТ МҰСАҒАЛИЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мен жақында ғана бұл қызметке келдім. Маған комитет әлі куәлік те бермеді. Есумканова өзінің шағымында куәлікті қайта қайта көрсетті дейді. Бұл шындыққа жанаспайды.
Әдеп жөніндегі кеңестің комиссия мүшелері тараптарды тыңдап, бірауыздан Қайрат Мұсағалиевке ескерту ретінде тәртіптік жаза тағайындауды ұсынды.
Келесі кезекте Железин ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы Ерқанат Серікбаевқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Іс материалдары бойынша мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы заңсыз бөлген.
ЕЛАМАН ЖҰМАШ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ М.А.
Тексеріс нәтижесі бойынша Серікбаевпен Железин ауданы әкімі аппаратының басшысы Дәрімге 2024 жылдың мамыр айында Железин ауылы, Сатпаев көшесі, № 15-үй, № 3-пәтер мекенжайында орналасқан пәтер тұрғын үй комиссиясы отырысын өткізбестен ұсынылды. Бұдан басқа, Ұсынуда тұрғын үйді жалдау туралы шарттар жасамай, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру бойынша басқа да заңбұзушылықтар көрсетілген. Бөлім 2024 жылдың 01 қарашасында Жұматовпен тұрғын үй сатып алуға 24 мемлекеттік сатып алу шартын жасалды. 2024 жылдың 05 қарашасында осы шарттар орындалды және 376 560 000 теңге сомасында төлем толық көлемде жүргізілді. Алайда, 2024 жылдың 15 қарашасында жүргізілген қарсы тексеру барысында Прокуратура қызметкерлері Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, сатып алынған тұрғын үйдің техникалық ерекшелік талаптарына өрескел сәйкессіздігін анықтады. Мысалы, 24 пәтерде еден жабыны жоқ, бөлмелерде ішкі есіктер, розеткалар орнатылмаған, сондай-ақ сантехникалық тораптарда сумен жабдықтау жоқ.
Ерқанат Серікбаев прокурормен айтылған бұзушылықтарды мойындады. Комиссия мүшелері мемлекеттік қызметкерге бір ретке қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны тағайындады.
Самал Қалиқызы