Павлодарлық әскери қызметші Дубайда өткен SWAT Challenge 2025 бәсекесінде үздіктер қатарында болды. Бес күнге ұласқан жарыс нәтижесінде еліміз атынан үздік ондыққа 5 команда енді.

Арнайы мақсаттағы бөліністер арасындағы халықаралық сайыс Дубайда өтті. 3 мен 7 ақпан аралығында ұйымдастырылған бұл байқауға әлемнің әр түкпірінен 100-ден аса арнайы жасақ құрамы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарысқа Қазақстанның атынан 12 жасақ қатысты, олар өз шеберліктерін көрсетті.

АРМАН ПЕРНЕҚҰЛОВ, 5512 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ

Біздің еліміздің Қазақстанның жауынгерлері үздік 10дыққа еніп отыр. Міне бүгін Ислам бауырымызды күтіп алып отырмыз. Бұл жеңімпаз –Бұл жеңіс жас сарбаздарға жас өспірімге өте мықты бір үлгі болып отыр

Жүлдегерлерді күтіп алуға жастар бастамаларын дамыту орталығы, қоғамдық келісім орталығы және Шаңырақ шығармашылық орталығы бірігіп, ерекше салтанатты шара ұйымдастырды. Оларға әскери оркестрдің даңқты әуені мен қошемет көрсеткен көпшілік қосылып, батырды лайықты түрде қарсы алды.

Айта кетейік, осы мәртебелі сайыста Павлодарлық жауынгермен қатар, Қазақстан құрамасында тағы 9 қатысушы бақ сынады. Барлығы да өздерінің шеберліктерін сынап, жоғары нәтижелер көрсетуге ұмтылды. Алайда, Павлодарлық жауынгердің ерекшелігі – оның үздік бестіктен түспей, көпшіліктің көңілін өзіне аударуы болды.

Байтұрсын Жұмабай