Облыс әкімдігінде 2025 жылғы дезинсекциялық науқан мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, биыл шыбын шіркейді улауға Байер препараттарынан басқа, поляк өндірісінің жаңа жетілдірілген құралдарын қолдану жоспарлануда.
Биыл дезинсекция бойынша жұмыстар 2024 жылы жасалған үш жылдық келісім-шарттың аясында жалғасады. Әуеден өңделетін алқаптың жалпы ауданы 172 мың га құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 мың га артық. Павлодар қаласының 32 мың га жайылма аумағын, Ақсу қаласы мен ауылдық аймағы және Павлодар ауданында 30 мың гектардан, Тереңкөл және Ақтоғай аудандарында 20 мың гектардан, сондай-ақ, Ертіс ауданында 40 мың га жайылма алқабын қамту жоспарланып отыр.
САҒЫН ТӨЛЕУТАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Осылайша аумақ көбейтіліп, өңдейтін техника саны да артты. Биыл 10 АН-2 ұшағы жұмыс істейді. Оның сегізі бұрынғы аумақтарда өңдеу жүргізеді. Біреуі қосымша Павлодарда, біреуі Железин ауданы бойынша ұшады. Бұның бәрі қардың еруіне байланысты болады. Үш борт Атамекен кентінде, 2 борт Бірлік ауылында, қалған аудандарда бір бір борттан болады. Компаниялармен келісімшарттар жасалды.
Сондай-ақ, тосқауылмен өңдеу кезінде қолданылатын екі аэрозольді реттелетін дисперсия генераторына тағы 2 қосылады. Олардың әрқайсысының қамту қашықтығы - 500 метрге дейін, сыйымдылығы - 1500 литрге дейін.
Қолданылатын препараттың көлемі пропорционалды түрде 14,5 мың литрге дейін артады. Байер препараттарынан басқа, поляк өндірісінің жаңа жетілдірілген құралдарын қолдану жоспарлануда. Олар наурыздың екінші онкүндігінде жеткізіледі деп күтілуде.
САҒЫН ТӨЛЕУТАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Сәуір айынан бастап су қойларында финологиялық зерттеулер басталады. Бұл шыбын-шіркейдің дамуын анықтайды. Барьерлік және судан өңдеу жұмыстары былтырғыдай жасалады. Ертіс өзенінің 1800 шақырым аумағы 3 рет өңделеді, ал 4 ауданның 60 ауылдық пунктінде, облыс орталығында барьерлік өңдеу жүргізіледі.
Осылайша жиында табиғатты қорғау мақсатында жіберілетін судың параметрлеріне байланысты болатын дезинсекциялық жұмыстарды жүргізу және ғылыми сүйемелдеу барысы жан-жақты талқыланды.
Бүгінде Бұқтырма су қоймасында 38 текше шақырым су бар, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,6 текше шақырым артық. Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларына келетін су көлемінің болжамды ағыны орташа көпжылдық мәндерден 15 тен 40%-ға дейін жоғары. Қазгидрометтің болжамы бойынша көктем ерте келіп, ауа температурасы нормадан 2 градусқа жоғары болады деп болжануда.
Облыс әкімі бекітілген алгоритмге сәйкес дезинсекциялық іс-шараларға жоспарлы дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды. Барлық аудандарда жол карталары қабылданып, негізгі іс-шаралар анықталды. Иесіз су қоймалардың, үйлердің жертөлелердің өңдеу жұмыстарына дайындалып, бұл жұмыстардың барлығы ерекше бақылауда және алдын ала орындалуы тиіс, - деп атап өтті өңір басшысы.
Самал Қалиқызы