Өңірдің кейбір архивтерінде құжат сақтайтын орын қалмаған. Мәселені шешу мақсатында біраз жұмыстар қолға алынбақ. Толығырақ келесі сюжетте.
Архивте талай жылдардың құжаты жатыр. Архивтың арқасында өткен мен бүгін, мәдениет пен қоғамдық өмірдің тарихы сақталады. Сондықтан оның жұмысы жаңару, цифрландыруды, өзгерістерді, басқаша насихаттауды қажет етеді. Жалпы елімізде 200-ден астам мемлекеттік архив бар екен. Қазір архивтерде орын тапшылығы мәселесі туындап отыр.
САЯУЫШ СӘДУАҚАСОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жалпы облыс бойынша миллион 300 ден астам құжат бар. Осы облыстық архиф, екінішісінде 1 млн 79 мың құжат сақтаулы. Орындардың жетіспеушілігі. 100 пайызға толып тұр. Кейбіреуінде 10 жылға жететін орын бар.
Қазір мәселені шешу аясында министрлікпен, облыстық әкімдікпен жобалық сметалық құжаттамалар жасалып жатыр. Алдағы уақытта архивтер жаңа кең ғимараттарға көшетін болады.
САЯУЫШ СӘДУАҚАСОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бізде ең арысы 1800 жылдардағы құжаттар бар. Негізгі қор өткен ғасырдың басынан бастап, осы күнді құрайды. Жеке құжаттар. Партия қызметкерлерінің құжаттары. 138 адам жұмыс жасайды.
Елімізде 2021 жылы құжаттарды цифрлық форматта сақтайтын Е-архив жүйесі іске қосылды. Оның негізінде барлық мемлекеттік органдардан деректер базасы және электрондық архивпен жұмыс істей алатын жоғары білікті IT-технологияларды меңгерген мамандардың жұмыс істеуі талап етіледі. Себебі жалпы архив жұмысын заманауи түрде ілгерілетудегі маңызды бағыттың бірі оны цифрлық форматқа ауыстыру еді.
САЯУЫШ СӘДУАҚАСОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі кезде бізде 150 мыңнан астам құжат цифрландырылған. Жаңағы мемелкеттік емекемлердің құжаттары. Бірақ көп жағдайда егер құжаттар цифрландырылса, қазағ жүзінде сақтаудың қажеті жоқ деген ұғым пайда болады. Өмір бойы сақталатын құжаттар бар. Құпия құжаттар цифрландырылмайды. Цифрландыруға жатпайды.
Одан бөлек, биыл Павлодар қаласындағы мемлекеттік архив жөндеуден өтеді.
БАҚЫТЖАН СМАҚОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Биылғы жылы күрделі жөндеу жоспарланып тұр. Біздің архивтің фасады, ішкі электр сымдары, жарықтандыру, есік, қоймаларда үлкен жұмыстар жүргізілетін болады.
Айта кетейік, елімізде құжаттарды сақтайтын 236 мемлекеттік архив бар. Соның ішінде 5 республикалық, 5 арнаулы, 1 Президент архиві және 225-і облыстық, қалалық, аудандық архивтер жұмыс істейді. Республикада ғылыми техникалық бағытта 2 архив қана бар. Олардың бірі Қарағанды қаласында орналасқан.
Самал Қалиқызы