Қасиетті рамазан айы табалдырықты аттауға жақын. Наурыз айының бірі күні еліміздегі барша мұсылман қауым ораза ұстауды бастайды. Сондай-ақ, биыл пітір садақа мөлшері қанша екен? Алдағы сюжеттен көрейік.

Барша мұсылман қауым бұл жолы 29 күн ауыз бекітеді. Осы уақыт аралығында ораза тұтып, ауызашар беріп, пітір садақаларын өткізеді. Ақпан айының 28-і күні құптан намазынан соң тарауық намызы оқылады.

ЖОЛДАС ҚАЖЫ ҚОСПАҚҰЛЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

Пітір садақа мөлшерін айтты шариғат-фәтуа бөлімі, бұл ұнның 2 кг бағасымен, 655 теңге деп белгілеп отыр. Сондықтан барлықтарыңызды келе жатқан Рамазан айымен құттықтаймыз. Бұл айдың артықшылықтарын білесіздер, бұл кешірімділік, мейірімділік, ораза ұстайтын ай. Сонымен бірге қайырымдылық, Құранның айы. Былай атқанда құлшылық ететін, Алла тағалаға жақындайтын ай болса адам жаны мен тәнімен, кешірімділік, парасатталық, даналықпен Алла разылығын алуға тырысуға әрекет етіп кіретін болса Алла оны сақтайтын, қорғайтын болып табылады

Иә, биылғы пітір садақа мөлшері 655 теңге болып бекітілді. Ол Рамазан айының ішінде немесе соңғы күні айт намазына дейін беріледі. Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-іне қараған түні, ал Ораза Айт мерекесі 30 наурыз болады.

Қымбат Садық