Колледжер арасында облыстық «Fashion Forward» байқауы өтті. Онда колледж қатысуышалары тігін өндірісі және киімдерді үлгілеудегі шеберліктерін көрсетті. Толығырақ алдағы сюжетте.

Байқаудың негізгі мақсаты – жұмысшы кәсібінің беделі мен имиджін арттыру. Студенттер кәсіби дайындықтары арқылы шеберліктерін көрсетті. Байқауға «Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі», «Қосым Пішембаев атындағы Екібастұз тау–кен техникалық колледжі» және « Павлодар жоғары экономикалық колледжі» қатысты.

АЗАМАТ КАШИТОВ, ПАВЛОДАР ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Бұл облыстық байқау жұмысшы мамандықтары жылымен байланысты. Бәрімізге белгілік Мемлекет басшысы биылғы жылды осылай атады. Сондықтан осы байқау сәтті өтіп жатыр деп ойлаймын. Мұнда сән саласынан тәжірибесі мол мамандарды шақырдық, осы қатысушылардың тігін шеберліктерін бағалайтын болады

Әр командада 4 қатысушыдан қатысты. Конкурстық тапсырма 2 кезеңнен тұрды. Алдымен командалар өздерін таныстырды, логикалық сұрақтарға жауап берді. Мұнан кейінгі кезеңде берілген бір бұйымды безендіріп, оны дэфиле форматында таныстырды. Тапсырмаға сәйкес 5 метрлік матадан той көйлегінің муляжын жасады, оған 20 минут уақыт берілді.

Байқау қатысушыларының бірі Ельдира Олжабай. Ол киім тігуді ұнатады, тіпті тігін оның сүйікті хоббиларының бірі. Және бұл өнері келешекте өз пайдасын береріне сенімді.

ЕЛЬДИРА ОЛЖАБАЙ, ҚАТЫСУШЫ

Этно-стильге деген шабытты осы қазақша көйлектерден алдым. Және мұны заманауи стильде тіктік. Мұндай облыстық конкурс біз үшін маңызды, бұл арқылы өз өнерімізді көрсете аламыз, маған сонымен ұнайды

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, жеңімпаздар да анықталды.

Қымбат Садық