Наурыздың 17-сінде елімізде «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы өтініштерді қабылдай бастайды. Бұл бағдарламаның шарттары қандай? Тілші материалынан көрейік.
Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдауда. Солардың бірі - «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы. Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды. Биыл 72 млрд теңге көлемінде 2440 несие беру жоспарланып отыр. Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық мөлшерлемемен несие беріледі.
АРМАН НҰРҒАЛАМОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АЖ-НЫҢ БИЗНЕС ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Осы жұмыскер бағдарламасына қатысатын кісіде өз атында үй болмау керек ақырығ 5 жылдың ішінде. Несие 9 пайызбен беріледі...черновой вариант болса онда 20 пайыз үй бағасы болу керек
Несиенің ең жоғары сомасы Астана мен Алматы қалаларында 36 млн теңге, ал қалған қалаларда 30 млн.теңге. Өтініш беру үшін қолыңызда жұмыс беруші жазған анықтама қағазы мен жеке куәлік болуы керек, сондай-ақ, өтінішті банк бөлімшесіне барып жазу міндетті.
АРМАН НҰРҒАЛАМОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АЖ-НЫҢ БИЗНЕС ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Жеке застройщиктан алауға да болады. Біздің қалада ондай екі-үш үй бар...сондай комплекстар бар біздің қалада 08:29 +++ 09:40...Наурыз жұмыскер бойынша тек ғана банкте қабылданады, өйткені жұмыстан алған справканы тексеруіміз керек. Ал қалған кәдімгі Наурыз бағдарламасы бойынша «Баспана маркет» деген онлайн платформада беру керек болады, ал «Наурыз жұмыскер» банкке келіп заявка беру керек
Айта кетейік, «Наурыз жұмыскер» бағдарламасына өтініштер 17 наурыздан бастап 18 сәуірге дейін қабылданады.
Қымбат Садық