Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облыстық департаменті жанындағы ведмоствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Онда цифрлық платформалардағы ақпараттың қолжетімділігі, олардың қызметінің сапасы төңірегінде ойлар ортаға салынды. Талқыға біздің түсірілім тобы да куә болып қайтты.

Ел бойынша, оның ішінде Павлодар облысының білім беру жүйесі ақпараттық платформалар мен жүйелерді кең қолданады. «Индиго», «Күнделік», «Ұстаз», «Е кітапхана», «Фоварит» бұлтты бухгалтериясы сияқты жиыны онға жуық электронды ақпараттық платформалар бар. Барлығы осы саладағы мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

САМАЛ АЙТҚАЗИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Платформаларды бірнеше негізгі топтарға бөлге болады. Бұл -статистикалық деректерді жинау жүйелері немес мәліметтер базасы, ақпаратттық жүйелер және сандық білім ресурстары. Осы үш бағытта біз, білім беру басқармасы, 10-нан астам платформалмар мен ақпараттық жүйелерде жұмыс жасаймыз

Ақпараттық жүйе көп. Платформалар да жеткілікті. Алдағы міндет оның қолданылуын мейлінше икемді әрі қолжетімді ету.

САМАЛ АЙТҚАЗИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Олардың арасындағы интеграция үрдістері тиімдірек басқаруға және де сенімді деректер алуға мүмкіндік береді. Бұл біздің құзіретімізге жатпаса да құзырлы органдарға әрдайым хат жазып, өз ұсыныстарымызды айтыфп отырамыз. Мүмкіндігінше бүгінгі таңдла интеграция жасалаған «Фоварит» бар, «Күнделік» бар. Кіріктірілген.

Ел тұрғындары білім беру саласында ғана емес, өзге де ведмоствалардың қызметін электронды түрде көріп жүр. Қазіргі тіршіліктің негізі ақпараттық жүйелер мен электронды ресурстарға байланған деуге болады. Тұтыну артқан сайын, талап та күшейіп келеді. Шағымдар да бар.

Жиында әр түрлі ведомоства өкілдері осындай мәселерді ортаға салып, қызметті жетілдіру жолдарын қарастырды.

Жанасыл Серікбол