Біздің қоғамда қызықты әрі сан қырлы мамандықты таңдаған нәзік жандылар көп. Олар жайлы 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында айтып келеміз. Кезекті кейіпкеріміз 20 жылға жуық уақыт бойы кітапханада жұмыс істейді. Толығырақ келесі сюжетте.
Гүлсара Мүлікова 19 жылдан бері Ақтоғай аудандық кітапханасында жұмыс істейді. Еңбек жолын кітапханашыдан бастап, меңгерушіге дейін жеткен. Қазір аудандық кітапхананың жұмысын үйлестірумен айналысады.
ГҮЛСАРА МҮЛІКОВА, АҚТОҒАЙ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсетеміз. Жоспар құрамыз. Сосын сценарий істейміз. Жалпы Ақтоғай ОКЖ-да 4300 оқырман. 130 мың кітап бар. Басқа тілде де бар. Әрине ұнайды. 19 жыл істемеуші едім ұнамаса.
Гүлсара Сүлейменқызы өз мамандығын жүрекпен таңдаған адам. Сол шығар, әлі күнге дейін бар ынта ықыласымен кітапханада еңбек етіп келеді. Әріптестерінің арасында сыйлы, қызметіне деген жауапкершілігі мен махаббаты көпке үлгі.
МАДИНА СЕКЕНОВА, АҚТОҒАЙ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
үлсара Сүлейменқызы туралы айтып өтетін болсақ, ол өз ісіне адал маман болып келеді. Біз жастар сол кісі арқылы бой түзейміз. Көп балалы ана. Сол кісі арқылы үйренеміз.
Анасы Шолпан апайда қызының дұрыс мамандық таңдағанына риза. Бәрі сол үйдегі газет, журналға деген қызығушылықтан басталды дейді.
ШОЛПАН МҮТКЕНОВА, АНАСЫ
Кішкентай кезінен кітапқа үйір болды. Кітапханашы болу себебі, газет журналдарды көп жазып алып алдық. Сосын оқуға барғанша суреттерді, журналды қарап отыратын. Өте тынышты бала болды.
Кейіпкеріміз көпбалалы ана. Бір қолымен Әлемді, бір қолымен бесікті тербеген жан. Үйдің үлкендері әкесінің жолын қуып жұмысшы мамандықтарды таңдап кетсе, үйдің кішілері әлі мектеп қабырғасында білім алып жүр. Айта кетейік, Гүлсара Сүлейменқызының жолдасы Эдик жылдар бойы газэлектрдәнекерлеуші болып еңбек етеді.
ЭДИК МҮЛІКОВ, ЖОЛДАСЫ
Гүлсарамен 30 жыл бірге тұрып жатырмыз. Бірге тәрбиелеп жатырмыз балаларды. Сол мен жүрмін қасында көмектесіп.
Мүліковтер - берекесі мен бірлігі жарасқан отбасы. Жанұяға қарап-ақ бәрінің бастауы еңбек екенін түсінуге болады. Себебі, адал еңбек етіп, адал табысқа жеткен ата ананың балалары да адалдыққа ұмтылады.
Самал Қалиқызы, Дәурен Сыздық, ЕА, Ақтоғай ауданынан