Халықаралық әйелдер күні қарсаңында атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы аналарға мерекелік төлем берілді. Бір жолғы көмектің көлемі қандай? Тілші әңгімесінде.
Бұл қаржылық демеу жыл сайын үйлестіріледі. Ақшалай қолдауды тек атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы аналар ғана алды. Биыл 5 айлық көрсеткіш мөлшерінде яғни, 19 660 теңге болып бекітілді.
ВЕНЕРА ДЕМЕУБАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Жергілікті органдардың шешімі бойынша ағымдағы жылы бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы аналардың есеп шоттарына 5 айлық көрсеткіш мөлшерінде 19660 теңгеден бір жолғы төлемдер көшірілді. Осы төлемді облыс бойынша 700 ден астам атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы ана алатын болады.
Бұған қоса қазір келесі тоқсанға тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек алушылардың өтінішін қабылдау жүруде. Атаулы жәрдемақы аз қамтамасыз етілген және де жалғыз басты аналар мен жанбасына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын төмен отбасыларға ғана тағайындалады.
ВЕНЕРА ДЕМЕУБАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Бұл көмекті алу үшін. Өзінің құқығын білу үшін қала мен аудандардың мансап орталықтарына жүгінсе болады. Немесе, ауылдық әкімдіктерге немесе, ЭЦП арқылы үкіметтік портал арқылы өтініштерін берсе болады.
Павлодар облысында жиыны 1696 отбасыға әлеуметтік жәрдем беріледі.
ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, ДАУРЕН СЫЗДЫҚ. ЕА