Павлодар қаласының құтқарушыларына ер адамның пәтерінде есік ашпайтыны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу құтқару қызметі мен полиция қызметкерлері жетті.

Мамандар гидравликалық және слесарлық құралдардың көмегімен есікті ашты. Пәтерге кірген кезде 72 жастағы ер адамның өздігінен қозғала алмай жатқанын анықтады. Ол жақында ғана ауруханадан шыққан. Денсаулығы күрт нашарлап, есікті ашуға шамасы келмеген. Құтқарушылар ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Дәрігерлер қарияның жағдайын тексеріп, ауруханаға алып кетті.Құтқару қызметінің мамандары мұндай жағдайлар қаламызда жиі болатынын айтады.

САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА ЕА