Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова мен халық қаһарманы Хиуаз Доспанованы еске алу мақсатында қыздар арасында облыстық турнир ұйымдастырылды. Ол әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.
Біздің өңірде өтіп отырған жарыстың негізгі мақсаты - жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери-патриоттық жұмысты жандандыру және жетілдіру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасу. Шара Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батырларына арналған.
НҰРЛАН НҰРПЕЙІС, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНІҢ ӘСКЕРИ ЖЕТЕКШІСІ
Бірінші автоматты бөлшектеу, жинақтау, оқ жатарға оқтарды салу, одан шығару. Және кеудені жерден көтеру, сондай 5 турнирдан өтетін болады. Оның ішіндегі ең мықты команда орындарға ие болады. Соғысқа қатысқан үш батырымыз соларды еске алу және жастардың патриоттық сезімін ояту, тарихты жақсы білу, еліміз, жеріміх деп жан жүрегі соғып тұрса деген мақсат.
Ақпараттық технологиялар колледжінде мұндай турнир алғаш рет өтіп отыр. Оған өңір колледждерінен 10 команда қатысты. Сайыс тек студент қыздар арасында өтті, яғни әр командада 4 қыз болды. Олар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен бар дағдыларын ортаға салды.
САМИНА ДАИР, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БЕЙСЕН АХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДІҢ 2-КУРС СТУДЕНТІ
Сайыс ережесі бойынша барлық тапсырманы тез әрі дұрыс орындау керек. Мысалы, бірінші бұл киімнің аяқ жағын киеміз, сосын артымыздан осы плащты алып шығып, киіп алу керекпіз. Соңында барлығын орындағанымыды айтып белгі береміз. Әрі қарай бізді тексереді, егер киім кию барысында қателік жіберсек бізге 3 секундтан уақыт қосады.
5 бағыт бойынша 10 команда ойнатылды. Автомат жинау, оқтау, тир ату сияқты сындардан өтті. Қатысушылардың бәрінде тек бір мақсат – жеңіске жету.
НҰРАЙ ШАКИРТОВА, АҚСУ ҚАЛАСЫ ЖАЯУ МҰСА АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДІҢ 2-КУРС СТУДЕНТІ
Біз қазір тир ату кезеңіндеміз, жарысқа дайындық керемет деп ойлаймын. Бірінші,екінші орын аламыз деп ойлаймыз, өйткені дайындық бәрі керемет.
Облыстық турнирдің соңында командалық есепте жоғары нәтиже көрсеткен студенттер марапатталды. Жастардың бойында қарапайым әскери дағдылардың қалыптасқаны дұрыс. Бүгінгі шара да осы мақсатқа бағытталған.
ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА.