8 - наурыз мерекесі қарсаңында ауыр болса да абыройлы мамандықтарды игерген қыз-келіншектермен таныстыруды жалғастырамыз. Осындай мамандық иелерінің бірі – қуаттылығы 1000 вольттан жоғары қозғалтқыштарға арналған электр ораушы Александра Казачкова.
Александра Казачкова 3-ЖЭО да 2010 жылдан, колледжді аяқтаған уақыттан бері еңбек етеді. Жұмысшы мамандығын таңдау ол үшін саналы қадам болды. Бұл сала оның үлкен қызығушылығын тудырды. Қазір Александра - электронды жабдықтың орамдары мен оқшаулауын жөндейтін электрик.
АЛЕКСАНДРА КАЗАЧКОВА, 3-ЖЭО ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ОРАМДАРЫ МЕН ОҚШАУЛАНУЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МОНТАЖДАУШЫСЫ
Біз 1000 вольттан жоғары қозғалтқыштарды жөндейміз. Біздің бригадада 6 адам бар. Екі әйелміз. Ер адамдар қозғалтқыштарды бөлшектейді. Серігім екеуміз барлық бөлімдерді тазалап, қалпына келтіреміз. Содан кейін олар сынақтан өтіп, қозғалтқышқа орналастырылады. Біз оқшаулауландырамыз, сондай-ақ, байланыстыруды жасаймыз.
Әрбір қозғалтқыштың өз өлшемдері мен жұмыс ерекшеліктері бар. Толық қалпына келтіру циклі шамамен бір айға созылады.
АЛЕКСАНДРА КАЗАЧКОВА, 3-ЖЭО ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ОРАМДАРЫ МЕН ОҚШАУЛАНУЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МОНТАЖДАУШЫСЫ
Бұл жұмыс ауыр. Кейде қол шаршайды. Бөлімдерді орау кезінде күш қолдану керек. Егер сіз оны ұқыпсыз айналдырсаңыз, ақау шығады содан кейін бәрін қайтадан бастау керек болады. Сондықтан, әрине, күш керек.
Павлодардағы 3-ЖЭО стансасында барлығы 152 әйел жұмысшы мамандықтары бойынша еңбек етеді. Олардың барлығы күрделі де жауапты жұмыстарды атқаруда.
Жанасыл Серікбол, Ермек Сапаров, Алексей Мехедов, ЕА.