Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Жастар форумы «Әйел ПРО»» атты форум өтті. Оған 60-ға жуық әйел қатысты. Толығырақ алдағы сюжетте.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев гендерлік теңдікті сақтау, отбасылық құндылықтарды нығайтуға әрдайым мән береді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген асыл сөз бар. Сондықтан іс-шараның маңызы да ерекше.
АЙГҮЛ МӘЛІКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біз еліміздің, өңіріміздің, қоғамның дамуына әйелдердің қосқан үлеін тағы бір мәрте атап өту үшін жиналып отырмыз. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында әйелдердің әлеуетін толық ашуын, олардың бизнеске, қоғамға толық қатысуын айтып өтті...қолайлы жағдай жасауға нақты міндеттер қойды.
Әр әйел бойындағы құндылықтарды, олардың қоғамдағы рөлін аша түсетін шараға мемлекеттік қызметте, бизнесте жүрген 60-қа жуық әйел қатысты.Сондай-ақ, әйелдердің кәсіпкерлікке арласуы қарқынды дамып келеді. Мұндай бас қосу кәсіби біліктілікті арттыруға мол септігін беріп қана қоймай, жаңа идеялардың бастауына жол ашады.
ЖАНДАРБЕК ҚАБДРАШ, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАСТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Мұнда олардың қоғамдағы рөлі, өңіріміздің әлеуметтік экономикалық дамуына қосып жүрген үлестері туралы көбірек айтамыз. Сонымен қатар, бизнес жайында екі жас спикеріміз ақпарат береді. Яғни, әйелдердің бизнеске түсу жолы туралы қызықты форум өтеді.
Қазір облыста әйелдер құрған және басқаратын кәсіпорындар саны жылдан жылға артып келеді. Шолпан Смағұлова, кәсіпкер. Ол имбрьді тоқаштар пісірумен 6 жыл айналысып келеді. Кәсіп пен отбасына қатар алып жүру үшін белгілі бір баланс, және әйелге деген қолдау керек екенін айтады.
ШОЛПАН СМАҒҰЛОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Әр әйел ана болып тумайды. Бәрі уақыт өте келеді. Мен бизнес пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты тепе-теңдікте ұстап келемін. Бұл менің басты міндеттерімнің бірі. Әрине кейде әйелдер бар жауапкершілікті өздеріңе алып жатады. Ал мен жолдасыма сеніп тапсырамын, оның да көмегі көп тиді. Оған барлығын сеніп тапсыра аламын, жауапкершілігі мол. Сондықтан да осылай жарқырап, бизнесті дамытып келе жатырмын деп ойлаймын.
Форумда жетістікке жетудің құпиясы мен бизнесті басқарудың тәсілдері талқыланды. Басқосуда табысты еңбек етіп, кәсібін дөңгелетіп отырған нәзік жандылар өз тәжірибелерімен бөлісті.
ҚЫМБАТ САДЫҚ, ДӘУРЕН СЫЗДЫҚ, ЕА