Павлодар облысы Новоямышев ауылы маңында екі жеңіл автокөлік жолдың жиегіне түсіп, қар құрсауында қалып қойған. Оқиға орнына дереу құтқарушылар жетті. Толығырақ келесі сюжетте.
Жүргізушілер өз күштерімен көліктерін шығаруға тырысқанымен, қалың қардан әрі қарай қозғалу мүмкін емес еді. Оқиға орнына шұғыл түрде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жетті. Олар арнайы техника көмегімен көліктерді қар құрсауынан шығарып, қозғалысты қайта қалпына келтірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады. Төтеншеліктер ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік жүргізушілеріне сақ болуды, алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамын қадағалауды және көлік құралдарының қысқы жағдайларға дайын екеніне көз жеткізуді ескертеді.
ДИЛЬНАЗ КУАНЫШБЕКОВА ЕА