Өңір фермерлері қаңтар- ақпан айларында 4327 мың тонна сәбіз экспорттады. Айта кетейік, аймақта 100- ге жуық шаруашылық сәбіз өсіреді. Тілші әңгімесінде.
Өңір өнімі көрші мемлекеттерде сұранысқа ие. Біздің елдің көкөнісі Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстанға жөнелтіледі екен. Экспорт көлемі былтырмен салыстырғанда 10 пайызға өсіпті. Айта кетейік, биыл фермерлер 4,9 мың гектар алқапқа сәбіз еккен екен. 176 мың тонна өнім жинаған.
АДИЛЬ ИСИН, АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Негізгі тұтынушы мемлекет - Ресей. Бұл елге экспорт 97 пайыз құрайды. Қалған 3 процент өнім Қырғызстан мен Өзбекстанға кетеді. Өткен жылы осы кезеңмен салыстырғанда сәбіз экспорты 3 932 тонна болған. Яғни, өсім бар.
Бұдан бөлек, облыстан тыс жерлерге 102 мың тонна сәбіз сатылған екен. Ал қазір жергілікті қоймаларда 36 мың тонна сәбіз сақтаулы. Жалпы өңірде экспорт әлеуеті қарқынды. Көкөністің басқа түріне де сұраныс бар. Үш айда 40 тонна қырыққабат, 890 тонна пияз және 10 мың тонна картоп экспортталған екен.
ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, АЙБЕК ҒАЗИЗ. ЕА