Халықаралық әйелдер күніне орай облыстың бірқатар нәзік жанды тұрғындары мемлекеттік мараппаттарға ие болды. "Құрмет" ордені "Ерен еңбегі үшін" сияқты мәртебелі марапат табысталды.
Қалалық мәдениет сарайының фойэсі көктем лебімен әрленген. Ал, нәзік жандылардың жүзі жарқын. Көңілдері көтеріңкі. Салтанатты шарада алғашқы болып сөз алған аймақ басшысы Асайын Байханов нәзік жандылар қауымының айрықша еңбегіне тоқталды.
Галина Толстокорова 63 жаста. Құрылыс компаниясының кран машинисті. 18 жастан бері еңбек етеді. Қоғам үшін, адамдар үшін еңбек етуімді әл де жалғастыра беремін дейді ол. Ұзақ жылдық ауыр да, абыройлы еңбегі үшін салтанатты шара аясында «Құрмет» ордені табысталды.
ГАЛИНА ТОЛСТОКОРОВА, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ КРАНШЫСЫ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ
Анам сылақшы, әкем тракторшы болған. Мен карыншы мамандығын таңдадым. Әпкем де краншы. Тек кіші сіңлім ғана биіктен қорқады . 39 метр биіктікте жұмыс жасаймын. Құдай денсаулық берсе әрмен қарай да еңбек ете беремін.
Сонымен қатар, үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы», «Ерен еңбегі үшін» медальдары да ауыр да абыройлы еңбекті арқалап жүрген жандарға табысталды. «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері де құрметтелді.
Барша әлем ана алдына бас иіп, әйелге тағзым етеді. Жаратылыс атаулы ананы жыр етеді. Көктемнің лебімен бірге келетін көрікті мереке де тек мейірім мен сұлулық ән болып шырқалады.