Қаламызда 8-наурыз мерекесі қарсаныңда Павлодар облысы тарихындағы әйелдер» фотокөрмесі ашылды. Фотокөрмеде 60-тан астам қоғам қайраткерлерінің суреттері ілінген. Толығырақ сюжетте.
Қазақтың тарихында ерлігі мен есте қалып, аты аңызға айналған батыр қыздарымыз қаншама. Павлодар облысы өмірдің түрлі салаларына жол салған әйелдерімен мақтанады. Айта кетейік, көрмеде соғыс жылдарынан бастап, қазіргі таңға дейін түрлі салада еңбек еткен нәзік жандылардың 60-тан астам суреттері сипатталған.
ГҮЛЖАЙНАТ ӘЛИЕВА, Г.Н. ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ӨЛКЕ ТАРИХЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Осы көрмеде өзінің талантымен өзінің еңбегімен жасаған қызметімен ерлігімен есімдері тарихта қалған әйелдердің суреттері көрсетілген. Олардың өмірбаянымен танысуға болады. Бұл атақты әнші композитор Майра Шамсутдинова, соғыста қатысқан Валентина Багаева, Мая Жылбаева атақты портизант болып ұлы отан соғысында. Сонымен қатар, біздің мына еңбекте озат болған әртүрлі салаларда медицина болсын білім беру,өнер кәсіп, завоттарда, ауылшаруашылықта өзінің үздік қызметімен жоғары атаққа ие болған әйелдердің суреттері көрсетілген.
Сондай-ақ, көрмеде 50-70 жылдардағы киім үлгілері, түрлі әшекей бұйымдар мен әйелдер қолданған иіс су, әтірлері қойылған. Көрмемен танысу үшін арнайы келушілерге фотоаймақ та бар. 8-наурыз мерекесіне орай қала тұрғындары мен қонақтарына көрменің есігі наурыздың 11-не дейін ашық.
ДИЛЬНАЗ КУАНЫШБЕКОВА, МЕДЕТ КӘРІМ ЕА