Баянауыл ауданында су басу қаупі бар 17 елді мекен анықталды. Оның 8-інде нақты қауіп деңгейі жоғары. Қазір ауданда көктемгі қатерге дайындық жұмыстары тыңғылықты жүруде.

Аудан аумағындағы автомобиль жолдарындағы 378 су өткізу құбыры тазартылған. Оның 205-і аудандық және ауылдық маңызды жолдарда орналасқан. Бұдан бөлек, ауылдардың ішінен 6202 тонна қар сыртқа шығарылған.

ЕРКІН АРЫСТАНБЕКОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Су тасқыны қаупіне қарсы жергілікті атқару органдары мен мердігерлер тарапынан жалпы 29 техника, оның ішінде 11 погузщик, 3 автогрейдер, 5 трактор, 3 жүк көлігі, 7 ассенизатор бар. 38 мотопомпа, эвакуацияға арналған 20 автобус тартылуға дайын.

Су тасқыны болған жағдайда халықты ораластыруға арналған 16 пункт дайындалған. Сонымен қатар, Баянауылда ауылдарға төнетін қауіпті сейілту үшін сағалық суару жүйесін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс Жаңатілек, Сәтбаев, Ұзынбұлақ және Жаңажол сияқты төрт ауылдық округте – 6,7 мың гектар аумақта жүргізіледі деп жоспарлануда.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ ЕА