Мемлекеттік қызметкерлердің әдебі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Қызмет барысында қателік жіберген бірқатар шенеуніктер қатаң жазаға тартылды. Тілшіміз тартқатады.
Тереңкөл ауданында мердігерлер 24 пәтерлік тұрғын үй салуы керек еді.Оған халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдері қоныстануы тиіс болатын. Алайда, тұрғын үй құрылысын аяқтамай-ақ, мердігер ақшаны алып үлгерген. Дәлірек айтсақ, шенеуніктер соларға аударып берген.
ӘДІЛ ЖҰМАБЕКОВ, ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
Ақпан айында пәтерлердің құрылысын аяқтамаған мердігерге қаражат аударылды. Мердігердің эскроу шотына 349 млн теңге аударылған. Алайда, пәтерлер техникалық талаптарға сәйкес емес. Сондықтан, қаражат толығымен аудан бюджетіне қайтарылды. Әдеп жөніндегі кеңеске пайда алу үшін жеке тұлғаға артықшылық бергені үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жазаны енгізуді сұраймын.
КСМ: Бұл ғана емес, іс жүзінде жасалмаған жұмыстарға бюджет ақшасын беретін сол дерт Ақтоғай аудандық экономиканың нақты секторы бөлімінің екі мемлекеттік қызметкерін де шарпыған.
ӘДІЛ ЖҰМАБЕКОВ, ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
2,9 млн.теңгеге жұмысты аяқтау актісіне қол қою, пайдалануға беру фактілерін анықтадық. Бюджет қаражатын мердігердің шотына аударып, есеп айырысқан. Алайда, жұмыс әлі аяқталмаған. Бұны көзімізбен көрдік. Жұмыс тек жазда жүргізілетіні белгілі болды.
Прокуратура лауазымды тұлғалардың әрекеті орындалған жұмыстардың актісін қабылдау арқылы заңды тұлғаға артықшылық беру, яғни өздеріне пайда келтіру мақсатында заңсыз шешім қабылдау деп бағалады. Осылайша бөлім басшысы тәртіптік жазаға тартылып, орынбасары қызметінен босатылды.
ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, МЕДЕТ КӘРІМ ЕА