Павлодар облыстық полиция департаментінде 700-ге жуық нәзікжанды жұмыс істейді. Бәрі де мамандығын сүйіп таңдаған жандар. Бүгін олар үшін департаментте салтанатты шара өтті. Толығырақ Самал Қалиқызы айтсын.

Павлодар облыстық полиция департаментінің 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шарасы департамент бастығы орынбасарының құттықтауынан басталды.

ҚАЙЫРЖАН ШАҚАРҒАЛИЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Құрметті арулар 8 наурызбен құттықтаймыз. Шын жүректен денсаулық бақыт пен қуаныш тілейміз. Жылдың әр күні жақсылық пен мейірімділік әкелсін.

Бұл погон таққан қыздар ерлермен қатар ҚР-ның ішкі істер саласында қызмет етіп жүр. Бір қарағанда бойында сұлулығы мен нәзіктігі бар арулар қайсар әрі ер мінезді. Олар қанды қол қылмыскерді тұтқындап, аса ауыр жағдайларды тергеп, тұрмыстық зорлық зомбылықпен күресуде. Сондай жандардың бірі – Арина Серікқызы.

АРИНА МУСИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ

Полиция қызметіне негізі балалық арманым болдым, 2019 конкурстан өтіп, солай келген болатынмын. Қазіргі таңда Заңның өзгеруіне байланысты жаңа бөлім ашылды. Сондықтан әйелдердің құқықтарын қорғаймыз. Материалдар тіркейміз. Сотқа жіберіп, жауапкершілікке тартамыз.

Салтанатты шарада ҚР Ішкі істер министрі мен Павлодар облыстық полиция департаменті атынан үздік мамандар, полицейлердің аналары мен әйелдері алғыс хаттарға ие болды. Арулардың көңілі әсем әнмен көтеріліп, құшақтары қызғалдақ гүліне толды.

Жалпы еліміз бойынша 13 мыңға жуық нәзікжанды полиция саласында жұмыс істейді. Павлодар облысында 700-дей қыз келіншек погон тағып, құқық қорғау саласында жүр.

Самал Қалиқызы, Медет Кәрім, ЕА