Биыл өңірде 42 білім беру ошағы, оның ішінде 15 мектеп жөнделеді. Бұл мемлекет басшысының тапсырмасына сай орындалатын үш жылдық бағдарлама. Толығырақ тілші әңгімесінде.
42 нысанның ішінде балабақша, шағын орталық, мектеп және бір колледж бар. Алдымен елдімекендерде 15 мектебі жаңарады. Онда жылу беру жүйесі қалыпқа келтіріліп, жаңа еден төселіп, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіледі.
САМАЛ АЙТҚАЗИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Биылғы жылы біздің межеміз 28 мектепті өткізу. Толық жөндеулерден. Келесі жылдарда 40-45 болып жалғаса береді. Үш жылдың арасында біз осы жұмыстарды аяқтауымыз керек. Бірақ ең бастысы бұрынғы жылдары толық жаңғыртудан өткен мектептерден басқа қалған мектептердің әсіресе ауылды мектептердің жартылай ғана өткізілді күрделі жөндеуден. Төбе, жылу, еден ауыстыру ал қазіргі қойлатын талап толық күрделі жөндеуден өткізу.
Қазір барлық нысандарға қатысты жобалық құжаттар дайындалуда. Ал Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылындағы мектепті жөндеу жұмысы мамыр айында басталады. Мердігер анықталды. Бұл мақсатқа 300 млн теңге қаражат бөлінеді.
САМАЛ АЙТҚАЗИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ескі мектептеріміздің бірі. Жалпы атап өтетін болсақ, толық жаңғыртудан өтетін мектептіңрдің негізі ауылдық елдімекендерде. Сондықтанда бүгінгі таңда осы мектепте жұмыс өткізетін болып отырмыз. Жалпы 93 бала бүгінгі таңда оқып жатыр. Қосымша жанында жапсарлас салынған шағын орталық бар 20 орынға арналған. 100 ден аса бала деп есептейміз. Бұған дейін бұл мектептерде күрделі жөндеу өткен болатын. Бірақ бұл жартылай өткізілген болатын. Бұл жерде атап өтетін болсақ терезелерін ауыстыру, жүйесін ауыстыру деген мәселе қарастырылды. Биыл қалғандарын ауыстыру керек.
Бұған қоса өңірде бірнеше жаңа мектеп салынып жатыр. Солардың қатарында Аққулы ауданы Тілектес ауылындағы білім беру ошағы бар. Қазір нысанның іргетасы құйылды. Мектеп биыл тапсырылады деп жоспарланған.
ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, АЙБЕК ҒАЗИЗ. ЕА