Павлодар стансасының желілік полициясы да нәзік жандыларды айтулы мерекемен құттықтады. Әр салада еңбек етіп жүрген әйелдер қауымына гүл шоқтарын ұсынды.

Көктем мерекесі де келді. Ерлер қауымы барша нәзік жындалырды құттықтауға, гүл ұсынуға асық. Желілік полиция саласының ерлері де өз құрметтерін білдіруде.

Салтанатты шараға әр саланың тірегі болып, қоғамға еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қауымы жиналды. Барлығы да қызметтерін адал атқарып қана қоймай, отбасының ұйытқысы болып жүрген жандар. Олардың атқарып жатқан міндеттері ауыр әрі абыройлы. Шара әсем әнмен әрленіп, әуезді жырға ұласты.

Айтылған ән, ақтарлыған тілектің барлығы биік құрмет пен шынайы ниеттен.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ДӘУРЕН СЫЗДЫҚ ЕА