Қоғамда ер адамдарға тән саналатын мамандықтарда да әйелдер жемісті еңбек етіп келеді. Солардың бірі – Ертіс орманы табиғи резерватының инженері Салтанат Есумқанова. Ол қоршаған ортаны қорғау жолында аянбай еңбек етіп, табиғатты сақтауға өз үлесін қосып келеді.

Ертіс орманы табиғи резерваты аумағында 287 мемлекеттік инспектор жұмыс істейді, олардың қатарында 20-ға жуық әйел бар. Негізгі міндеттері – заңсыз ағаш кесудің алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру. Бұл қызмет жауапкершілікті талап етеді. Бірақ нәзік жанды инспекторлар ер азаматтармен қатар еңбек етіп, өз міндеттерін абыроймен атқарады.

АЛТАНАТ ЕСУМҚАНОВА, «ЕРТІС ОРМАНЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ ОРМАН ҚОРҒАУ ИНЖЕНЕРІ

Былтырғы жылы бізде, алдыңғы жылдарға қарағанлда 138 өрт болды. Оның алдында 130 өрт фактілері анықталды. Ер азаматтармен бірге еңбек етеміз, қалыспаймыз. Мен өзім бөлімде ер азаматтардың ішінде жалғыз әйелмін. Соның өзінде маған көмек көрсетіп, білмеген нәрселерімді үйретеді. Бұл өте кересмет жер. Жұмыс істеу үшін, демалу үшін. Неге десеңіздер экологиялыө жағдайына байланысты қалаға қарағанда ауа-райы таза. Аппақ қар дегендей. Табиғаты әсем көркем.

Біздің кейіпкеріміз жұмысына таңғы сағат 8-де кіріседі. Бұл оның отбасына уақыт бөлуіне кедергі емес. Таңғы уақытта үй шаруаларын реттеген соң ғана қызметіне кіріседі. Ол өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен атқарып, табиғатты қорғауға барынша үлес қосуда.

САЛТАНАТ ЕСУМҚАНОВА, «ЕРТІС ОРМАНЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ ОРМАН ҚОРҒАУ ИНЖЕНЕРІ

Біздің жұмыс уақытымыз сағат 8 ден басталады. Өзім таңғы 6-6.30 ға қарай оянамын. Балаларды жинап, таңғы асын бергенше. Таңғы 8 де жұмысқа келіп, қандай тапсырмалар бар екенін қараймыз. Жоспар бойынша қандай шаралар бар. Рейдке де шығамыз. 16 орманшылық бар. Соның өзінде мемлекеттік штат болса да. Біз назар аударып жұмыс істеуіміз керепіз Құқық бұзушылық анықталса, протокол толтырамыз.

Орманды қорғау – тек ер азаматтардың ісі деген түсінік қате. Қазіргі таңда бұл салада нәзік жандылар да табысты еңбек етіп, қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қосуда.

САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ ЕА ШАРБАҚТЫ АУДАНЫНАН