Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдарға талап күшейеді. Осы жылдан бастап елімізде арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдар лицензияланады. Ұйымдар лицензия алмаған жағдайда не істейді, қызмет алушылар қайда барады? Тілшіміз жалғастырады.
Алдымен айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға, қарттарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына стационарлық, жартылай стационарлық, уақытша болу орталықтарында көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-психологиялық қызметтер, сондай-ақ үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бұл – арнаулы әлеуметтік қызметтерге жатады. Соңғы кезде осы қызметті көрсету шеңберінде түрлі жағдайлар орын алып жатыр. Осы ретте биылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер лицензияланады.
АЛМАГҮЛ МҰХАМЕДОВА, ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі күні біз осы қызметтерді ұсынатын ұйымдардың меншік нысанына қарамастан арнаулы әлеуметтік қызметтің тиісті сапасын қамтамасыз ету қажеттілігі бар. Кешенді тексерулердің нәтижелері көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының бұзылу фактілерінің орын алғанын, қызметтердің толық көлемде көрсетілмейтінін, жатын орындар нормасының бұзылуын анықтаған. Лицензиялауды енгізу арнаулы әлеуметтік қыметтерді көрсету жүйесін жаңғырту кезеңдерінің бірі болып табылады және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қауіпсіздігіне кепілдік беруге, қызметтерді көрсетудің бірыңғай стандарттарын енгізуге бағытталған.
2008 жылы Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заң қабылданды. 2009 жылдың соңынан бастап балалар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру басталды. Содан кейін халықтың әлеуметтік осал санаттарының тізімі кеңейе бастады. Ал, енді лицензия алатын қызметтерге талап та күшейді.
АЛМАГҮЛ МҰХАМЕДОВА, ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Лицензия алу үшін субьекттерде жалдамалы немесе өзінің ғимараты болу керек. Ғимарат санитарлық нормаларға, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы тиіс. Мүгедектігі бар жандарға қолжетімді болу керек. Ұсынылатын қызметтерге байланысты материалдық-техникалық база да тиісті деңгейде болғаны дұрыс. Штатты кесте мен штаттағы қызметкерлердің болуы да маңызды.
Лицензия үш жылға беріледі. Оны мемлекеттік және жеке ұйымдар ала алады.
АЛМАГҮЛ МҰХАМЕДОВА, ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Павлодар облысында мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарға 6 мыңнан алушыға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. 22 ұйым лицензия алып отыр. Мекемелердің саны 22, лицензия алған 1 ғана обьект. Бүгінгі кезде 7 нысанға лицензия беруден бас тартылды.
Лицензия алмаған мекемелердің қызмет алушылары басқа мекемелерге ауыстырылады. Айта кетейік, арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау 2025 жылдың 1 қаңтарынан жүзеге аса бастады.
Самал Қалиқызы