Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір республикалық жолдар жабық болған. Ал бүгін жағдай тұрақталып, қозғалыс қайта жанданды.

Таңғы сағат 06:30-дан бастап «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы» жолының Шідерті ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі бөлігі ашылды. Ал сағат 07:00-ден бастап тағы екі жол учаскесі ашылды. Біріншісі – «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» жолының Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі бөлігі. Екіншісі – «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» жолының Шідерті ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі бөлігі. Жүргізушілерге жол ережелерін сақтап, сақтық шараларын ұстану ескертіледі.

Сабина Жолдаспаева