5 сәуірден бастап Қазақстанда мопедтер мен скутерлерді автокөлікке теңестіретін заң енгізіледі. Оған дейін аталмыш көлік түрлерінің иелері көлік құралын полицияға тіркеуі қажет. Сондай-ақ, оларды пайдалану үшін А1, А және В санатындағы жүргізуші куәлігі қажет.
Белгілі қажеттіліктер осындай шешім шығаруға әкелген. Көп жағдайда мопед жүргізушілері жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кетеді. Сүйтіп олар жазасыз қалады. Тіркелмегендіктен табу қиын. Жаңа заң осындай олқылықтың алдын-алады деп күтілуде.
СЕЙІЛХАН САДЫҚОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ПРОЦЕССИНГ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Тіркелу үшін мопед иелері тұрақты мекенжайларына сәйкес арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына келуі керек. Өзімен бірге жеке куәлігі мен мопедтің қандай да бір құжаты мәселен техникалық сипаттамасы қажет. Көлікті қараудан өткізу туралы арызын қалдырып, тіркеу үшін мемлекеттік төлем жасайды.
Сондай-ақ, тіркеу куәлігін шығару үшін 1915 теңге, мемлекеттік номер үшін 5505 теңге төлеу керек. Қаңтар айынын бері Павлодар облысы бойынша 200 мопед тіркелген.
СЕЙІЛХАН САДЫҚОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ПРОЦЕССИНГ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Бұрын көлік жүргізу куәлігі бар азаматтар мопед немесе скутерді тіркеген соң емін-еркін пайданалып жүре алады. Ал, көлік жүргізу куәлігі жоқтар А1 санатындағы кулікті міндетті түрде алуы керек. Бұл 16 жастан бастап беріледі.
Былтыр облыс жолдарында мопед жүргізушілері 38 құқықбұзушылық жасапты. Оның екеуінде адам қайтыс болған. Қазіргі уақытта мопедтерді тіркеу жалғасуда.
Жанасыл Серікбол