Павлодар қаласының тұрғыны ағзасында 19 литр сұйық бар өскен етпен өмір сүрген. Дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды. Толығырақ алдағы сюжетте.

Мұндай дерт әртүрлі патологиялық процестің нәтижесінде тіндер мен органдарда пайда болатын іші сұйыққа толы қуыс, яғни, қатерсіз ісіктің бір түрі. Павлодарлық 55 жастағы науқас іш қуысында және кіші жамбастағы көлемді ісікке байланысты жоспарлы ота жасау үшін ауруханаға жолданды. 2,5 сағатқа созылған ота барысында 19 литр сұйықтық алынып тасталды.

СЫМБАТ СЕЙТҚАЗИНОВА, Ғ.СҰЛТАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ГИНЕКОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Науқас өткен жылдың шілдесінен бастап денсаулығында ақау барын байқаған. Ішінің үлкеюі мен ауырсынулар мазалап, нәтижесінде ота жасау шешімі қабылданды. Бұған дейін арнайы дәрігерлер назарында болып толық тексерістен өткен. Бірақ анықталған сұйықтық нәтижесінде қайтара тексерістерден өтті.

Аурухананың медициналық ұжымы операция жоғары білікті мамандар мен мекемеде қолданылатын заманауи жабдықтардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

СЫМБАТ СЕЙТҚАЗИНОВА, Ғ.СҰЛТАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ГИНЕКОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Отада өзіндік техникалық қиыншылықтар болғанымен, нәтижесі сәтті аяқталды. Ісіктің көлемі өте үлкен, барлық іш қуысты алды. 19 л сұйықтық алынды, бірақ айта кету керек бұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Осыған орай барлық әйел адамдарға айтарым мазалаған сәттерде бірден тексерілістен өткен жөн.

Отадан кейін науқаста асқынулар байқалмады. Қазір жағдайы тұрақты, тағы бір аптадай дәрігерлер бақылауында болады. Бақылаудан кейін ақ халаттылар үйге шығаруды жоспарлап отыр.

Салтанат Бауыржанқызы