Павлодарлық зейнеткерлер Наурызнаманың Шаңырақ» күнін көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Мұндағы «Алтын жас» ретро-клубы Қуат Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығында жиналып, мейрамды атап өтті. Би, ән айтты. Толығырақ алдағы сюжетте.
Қазір зейнеткерлер мәдени шараларға белсенді қатысады. Олар ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, түрлі байқау ұйымдастырып, қазақтың бай мәдениетінің құндылықтарын жеткізіп жүр. Осы мақсатта қала зейнеткерлерінен құралған Алтын жас ретро-клубы 20 жылдан астам уақыт бойы белсенді болып келеді.
ЛАРИСА ГОНТОВАЯ, «АЛТЫН ЖАС» РЕТРО-КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Бізде ең ерекше, көңілді өтетін бұл би кештері. Бүгінгі кеші осы Наурыз думанына арналып отыр. Бір шаңырақ астында қонақтарымыз жиналып жатыр. Біздің клубтың барлық мүшелері өте белсенді, түрлі шараға жоғары деңгейде атсалысады.
Қарияларымыз наурыздың әр күні, құндылығы ерекше екенін айтады. Сондықтан мұндай мейрамда олар ән айтып, би билеп, көңіл көтергенді ұнатады.
ЖАМАЛ ОМАРОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Жұмасына екі рет осындай би алаңында біз билейміз, жақсы көреміз. Бұл би өзі әр адамға қажет нәрсе, үйде гимнастика жасамайды ғой, ал мында денешынықтырады, қолдары, аяқтарын қимылдатады. Ол бір керемет нәрсе адамның денсаулығына.
Зейнеткерлердің Наурыз мейрамын атап өтуі – олардың өмірге деген құштарлығын, ұлттық дәстүрлерге деген сүйіспеншілігін және қоғамдағы белсенділігін көрсетеді. Олардың мерекелік шараларға қатысуы мәдениетімізді дамытуға зор ықпал етеді.
Қымбат Садық