Наурыз мерекесі – қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін жаңғырту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу үшін маңызды кезең. Облыстық өлкетану музейінде ұлттық киімдер мен ұлттық аспаптар ұлықталды.
Қазақтың ұлттық аспаптары өте ерекше. Солардың бірі қорқыт ата ойнаған - қыл қобыз. Ол екі ішекті, мойны иілген, шанағы ағаштан жасалған аспап. Қыл қобыздың ерекшелігі – оның дыбысы терең, сазды, әрі көркем.
НАРМИН ТҰҢҒЫШБАЙ, БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕП ИНТЕРНАТТЫҢ ОҚУШЫСЫ
Бүгін мен қазақтың ұлттық аспабы қыл қобызда ойнаймын. Алғашқы рет музыка мектебіне тыңдалымға барғанымда маған осы аспапты лайық деп ұсынды. басында бұл аспап туралы ештеңе білмедім. тек скрипка, гитара, барабан сынды аспаптарды ғана білдім. уақыт өте келе үлкен қызығушылықпен жаттыға бастадым. түрлі конкурстарға қа тыса бастадым, қазір сайыстар қатысып жүрмін.
Бұл шаралар ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жастарымызға мәдени мұрамызды таныстыру тамаша мүмкіндік.