Ұлттық киім күнінде Шаңырақ халық шығармашылығы орталығында «Оюлар сөйлейді» атты этно топтаманың тұсаукесері өтті. Көпшілік назарына дизайнер ұсынған түрлі киімдер ұсынылды.Сән көрсетіліміне арнамыздың түсірілім тобы куә боп қайтты.

Соңғы жылдары ұлттық киімнің мәні жаңа сипат алды. Бұрынғы дәстүрлер мен қазіргі үрдістерді біріктіре отырып, жаңа сән үлгілері пайда болуда.Мәселен жергілікті дизайнер Айзат Байтенова ұлттық киімдерді заманауи үлгіде жетілдіріп, дамытып келеді.

АЙЗАТ БАЙТЕНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Жалпы, біз қазақтың оюларын, киімдерін тек 22-ші наурызда киеміз өкініштісі. Бірақ біздің ұлттық днкмыз онымен шектелмейді. Біздің киімдер өте әдемі, және өзінің мағынасын жеткізіп тұрады Мәселен қыз баланың жасын, неше баласы бар екенні соғанға дейін білуге болады үстіндегі киіміне қарап. Жалпы кейбір оюлар біздің өңірге сай. Мысалы, толқын оюлары Ертісті, егістік алқаптарды көрсетеді, мал өсіреді Павлодар өңірінде. Сондықтан біз осы оюлардың барлығын қолдандық.

Сәнге құмар қыз-келіншектер оюмен көмкерілген қазақи киімдерді бүгінгі заманға сай икемдеп киюді дефиледе көрсетті. Мұнда заманауи, балалар және әйел адам өмірінің циклы деген үш топтама болды. Басты ерекшелік мақал-мәтелдер мен өлең жолдары киім бетіне жазылған.

АЙЗАТ БАЙТЕНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Мысалы біз оюларды киімге белгіледік. Ол қалай десеңіз қасиет, түн, тіл деген үш оюды бір-бірінен кейін орналастырдық. Ол қасиетті тілімнен түңілмеген деген М.Мақатаевтың өлең жолдарынан алынған. Осы арқылы ұлы ақындардың сөздерін күнделікті неге кимеске деген бір ойды жеткізгіміз келеді.

АЙЯ МҰЗАПАРОВА, ТІГІНШІ

Осы көйлектерге дак, фатин, бархат маталарымен жұмыс жасадық. Арнайы бас киімдер жасадық әр бұйымға Айзат Мұратованың өзі жеңіл адам, сондықтан жұмыс жасауда жеңіл болды. Барлық ойымыз бір жерден шығады, алдағы уақытта тағы да осындай көрсетілім болады деп ойлаймыз.

Ұлт бейнесі - ұлттық киім. Сондықтан оны заман талабына сай тігіп, бренд қалыптастыру жақсы үрдіске айналуы керек.

Қымбат Садық