Бүгін облыстық әкімдікте негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы туралы жиын өтті. Жиналыс кадрлық өзгерістерден басталды. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен және облыс әкімінің өкіміне сәйкес Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Иран Шаметеков тағайындалды.
Иран Маратұлы 1975 жылы Қызылордада дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Д.А. Қонаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, бизнес әкімшілендіру магистрі, PhD докторы. Әр жылдары жауапты лауазымдарда еңбек етті. Осы тағайындауға дейін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.