Міне, көптен күткен көктем мезгілі де келіп, табиғаттың оянуымен бірге жаңа өмірдің лебі сезіле бастады. Алайда, ауа райының бірден жылынуы адам міңезіне, денсаулығына әсер ете ме? Бұл сұрақтың жауабын әріптесім Дильназ Қуанышбекова іздеп көрді.

Бірімізді ұйқы қысып, шаршағыштыққа бой алдырсақ, енді бірінің жиі басы айналып, көзі қарауытады. Көңілде де алабұртқан сезімдер пайда болады. Кейбіреуі мұны көктемнің әсері дейді. Шынымен де көктем адам ағзасына әсер ете ме? Осы жайлы психолог маманнан сұрап көрейік.

Әрбір адам өмірінің белгілі бір кезеңінде депрессиядан зардап шегеді. Ерлерге қарағанда әйелдердің үштен бір бөлігі өмір бойы депрессиялық эпизодты бастан кешіретінін көрсететін зерттеулер бар. Бірақ мұның алдын алу үшін психолог маман дұрыс тамақтанып, күнтәртібін қадағалауға кеңес береді.

Ал мамандар климаттың адамда депрессия туғызуына ықпал ететінің айтады. Сондай-ақ көктем мезгілінде ауа-райының өзгеруіне адами факторларды да қосуға болады. Яғни халық санын көбеюі, кәсіпорындар түтіні, күнделікті шығып жатқан қоқыстың өзі зиян.

Көктем – жаңа бастамалар кезеңі. Сондықтан, күйзелістен аулақ болу үшін бос уақытты пайдалы істермен өткізу маңызды. Жиі серуендеп, табиғатпен байланыс орнатыңыз. Жақындарыңызбен бірге уақыт өткізіңіз.

Дильназ Куанышбекова