Наурызнама онкүндігі жалғасуда. Қаламыздың балабақшаларының бірінде ата-аналар ұлттық нақышта өнер көрсетті. Толығырақ сюжетте.
Тәрбие тал бесіктен басталады демекші наурыз мерекесі тағы бір балабақша ордасында тойланды. Шараның басты ерекшелігі мұнда тек ата-аналар шеберлік танытты. Сондай-ақ, Өзбек,Татар, Кавказ, Украин және қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері дәріптелді.
Сонымен қатар, мұнда қазақтың көне салты қырқынан шығару кәсімі сахналанды. Бұл – сәбидің ана құрсағынан кейінгі өмірге бейімделіп, алғашқы қауіпті кезеңнен өткенін білдіреді. Айта кетейік, шара сонында тәрбиешілер арасында өткен байқауды Назгүл Жақыпова жеңіп алды.
Дильназ Куанышбекова