«Дарабоз». Дәл осындай атаумен жыл сайын Павлодарда қамшы өруден оқушылар арасында байқау өтеді. Биыл да Наурыз мерекесі аясында сайыс ұйымдастырылды. Толығырақ тілші сюжетінде.
Қамшы өру қазақтың көнеден келе жатқан қолөнері. Оны кейінгі ұрпақ ұмытпай, келер ұрпаққа жеткізуі ұлт үшін маңызды. Сондықтан жылда Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Дарабоз» сайысы ұйымдастырылады. Сайысқа қамшы өнерін енді үйреніп жүрген оқушылар қатысты. Олардың бірі Бижан Әмірханов. Қазірдің өзінде 20-дан астам қамшы өрген.
БИЖАН ӘМІРХАНОВ, Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ
Мен өзім 5-6 жасымнан жылқыға мініп, қамшыға қызықтым. Әкем, атам қамшы өруді үйретті. Сол кісіден барлығын үйреніп келе жатырмын.
Қамшы өрудің түрлері өте көп. Қолымдағы 8 таспадан өріледі. Ағашы таңдалған ағаштар керек. Бұзау тіс деген қамшы.
Әділ қазылар алқасының құрамында тіл жанашырлары, қамшы өру шеберлері болды.
ҚАЙЫРЖАН АХМЕТОВ, «КӘУСАР БҰЛАҚ» АТА-ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ МҮШЕСІ
Сосын шақырғасын келдім. Түрлі адамдар ішінде. Қамшыға үйретенйін дедім. Бірсыпыра бала үйренді деп ойлаймын.
Дәстүрлі түрде өтетін «Дарабоз» байқауы екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар өздері үйде өріп әкелген қамшыларын таныстырды, екінші кезеңде оқушылар қайыс таспаларынан қамшы өрді.
ЖАНБОЛАТ АБАЙХАН, БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Дарабоз атты бұл байқау қамшы өру бойынша ұйымдастырылып жатыр. Басты мақсаты ұлттық мәдениет ті насихаттау, дәріптеу. Ұлттық құндылықты бойына сіңіріп жүрсін деген мақсатта ұйымдастырған болатынбыз.
Жалпы байқауға қаланың 11 мектебінің оқушылары қатысты. Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар телефон, планшет, поуербанк табысталды.
Самал Қалиқызы