Ұлт болашағын бағдарлаған ұлттық құрылтай көптеген мәселерді көтеріп, алдағы бағдарды айқындады. Экономика, бюджет, салық мәселерінен бөлек, мәдениет пен ғылым саласы бойынша да сөз қозғалды. Ойлар ортаға түсті. Ұсыныстар айтылды.

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы ғылымды дамытуға бағытталған маңызды бастамаларды көтерді. Соның ішінде екі ірі ғылым қалашығын құру туралы шешім – еліміздің ғылыми әлеуетін жаңа деңгейге көтеретін аса көрнекті жоба. Ғылым қалашықтары – инновациялар мен жаңа технологиялардың орталығы болмақ. Мұнда жас зерттеушілерге, инженерлерге, өнертапқыштарға қолайлы жағдай жасалып, олардың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі. Бұл қадам Қазақстанның ғылыми-өндірістік базасын күшейтіп, бәсекеге қабілетті экономика құруға ықпал етеді.