Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1-сәуірде басталады. Құжаттарды egov.kz электрондық үкіметі және қағаз нұсқада 31 тамызға дейін тапсыруға болады. Биыл өңірде қанша бала мектепке қабылданады? Толығырақ тілші тарқатады.

Павлодар облысында 116 мыңнан астам контингетнтімен 359 жалпы білім беретін мектеп бар. Биыл 1-сыныпқа балалар алты жастан бастап қабылданады. Құжат қабылдауды ерте бастау білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім. Ата-аналар мектепті алдын ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз ете алады.

НҰРГҮЛ АЗАНБАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Келер оқу жылына 10 552 бала....орыс тілінде 5447 бала.Өтініштер мен құжаттарды қабылдау автоматтандырылған....балалар қабылданады

Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталып 31 тамызға дейін жалғасатын болады. Жалпы, өңірде 10 552 бала қабылдау жоспарланып отыр.

Қымбат Садық