Төртінші ұлттық құрылтай құнды пікірлерімен есте қалды. Елдің болашақ бағдары жөнінде көптеген ойлар айтылды. Ұсыныстар жеткізілді. Экономикалық тұрғыдағы өзгерістерден бастап, идеологиялық мәселерге дейінгі бағдар белгіленді.

Құрылтай ұлттың елдік дәстүріндегі айрықша жиын. Күлтебенің басына жиылып, күн астында елдік жайын сөз еткен бабалардан қалған мұра. Көрікті Көкше баурайындағы төртінші құрылтайда да бүгін мен ертең сараланды. Соңғы жылдарғы ел ішіндегі өзгерістер сөз болды.