Ауа райын болжаушылар биылғы сәуір орташа температурадан 1 градусқа жылы болатындығын айтады. Ал, жауын-шашын мөлшері жылдағыдан аз болмақ. Төтеншеліктер бұндай ауа райы қалыптасса өрттің көп болуы мүмкін екендігін ескертеді.
Сәуір айының бірінші онкүндігінен бастап-ақ ауа температурасы 18-ден, 20 градусқа дейін көтеріледі. Бұндай температура 2013 жылы болған екен.
МҰХАМЕТ БАҚТЫБАЙ, ИНЖЕНЕР-СИНОПТИК
Сәуір айында ауа температурасы 1,2 градус нормадан жоғары болады. Күндіз 15-20 градус жылы болады. Екінші кезеңде күн бірақ салқындап, жауын шашын болады деп күтілуде. Ал үшінші декада күн қайта жылынып 24 градусқа дейін ыстық болады. Айдың ортасында күн күркіреп, найзағай соғады деп күтілуде.
Күннің күрт жылынуы өрт жағдайының жылдағыдан көп болуына ықпал етуі мүмкін. Орман және дала өрттерінің туындау қаупін азайту және жою мақсатында төтенше жағдайлар департаменті кешенді шаралар атқарып жатқандығын айтады.
ОРАЗБЕК УӘЛИХАНОВ, ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Алайда ауа райы қолайлы жылы боуына себеп, қазіргі кезде дала және жайылма өрр алуы мүмкін. Сол себептен тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады ТЖД.
Сондай-ақ, ірі өрттер кезінде облыста мемлекеттік өртке қарсы қызметтің біріктірілген жасақтары да жедел түрде құрылатын болады. Олар жол талғамайтын және сыйымдылықтағы үлкен өрт сөндіру көліктерімен жабдықталған. Ал, өрттің шығуына табиғи себептен бөлек, адами факторларда болуы мүмкін екендігі ескерту керек.
Әйгерім Тоқпанқызы