Өрт шығу қаупі ең жоғары аумақтардың бірі саяжайлар. Жыл басынан бері, яғни, өрт маусымы басталмай тұрып бұл аумақтарта 3 бірдей тұтану тіркелген. Бүгін төтеншеліктер мен атты полиция патрулі бірлесіп саяжай иелеріне қауіпсіздік ережелерін ескертті.

Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері және еріктілер «Оңтүстік» бағбаншылығының алдына жиналды. Мақсат өрт маусымы басталмай тұрып, қауіпсіздік ережелерін көпшілікке жеткізу. Өрт - тілсіз жау. Сақтық танытып, ұқыпты болмасаң болмашы от ұшқынының қызыл жалынға айналуы қас қағым сәтте. Тұрғындар ең әуелі осыны қаперде ұстауы керек дейді төтеншеліктер.

Өрт маусымы сәуір айының ортасында басталады. Сондықтан, саяжай иелеріне, демалыс күндері осында келушілерге жауапкершілік те күшейеді.

Бағбандар өз жұмыстарын бастап та кеткен. Қауіпсіздік шаарсының қажет екендігін олар да жақсы ұғынады.

Құрғақ шөп, темекі тұылы, шала сөндірілген шоқ, тіпті, сынған әйнек те тұтанған жалынға себеп болуы мүмкін. Төтеншеліктер, өртке себеп болған адамға әкімшілік жауцапкершіліктен бөлек, қылмыстық жауапкершілік бар екендігі де ескертеді.

Жанасыл Серікбол