Былтыр Павлодар облысына 1 триллон теңгеден астам қаражат мөлшерінде инвестиция тартылған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 38 пайызға көп. Осылайша өңірдің инвестициялық әлеуеті ел бойынша үлкен көрсеткішке ие болды.

2025 жылы облыста 36 инвестициялық жоба қолға алынады деп жоспарлануда. Оның көп бөлігі ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. 24 жоба агроөнеркәсіпке айрықша серпін береді деп күтілуде. 4 жоба өндірістік кәсіпорын саласына тиесілі.

ӘЙГЕРІМ ҚАБЫЛТАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ірі жобаларды айтатын болсақ, «Ертіс металлургия комбинаты». Ол үш жүз мың тонна алтын концентратынан таза 15 тонна алтын алу жобасы. Екібастұз қаласында 3 ферроқорытпа зауытының құрылысы жобасы жоспарлануда. Жалпы сомасы 6,8 трлн теңге құрайтын жалпыұлттық инвестициялық жобаға 62 жоба кіреді.

Жалпы 2030 жылға дейін 85 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланған. Барлығы сәтті аяқталған жағдайда 12 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтылмақ. Жұмыспен қамтудан бөлек, бұл жобалар экономикаға да айрықша үлесін қоспақ.

ӘЙГЕРІМ ҚАБЫЛТАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осы жобалардың экономикаға үлесі өте зор. Мысалы, тек қана «Ертіс металлургия комбинаты» жобасы 930 млрд теңге инвестиция тартылады. Облыстың инвестициялық әлеуеті өте зор. Өйткені, біздің өңір кен орындары бойынша да, географиялық жағынан да жақсы орналасқан.

Экономикалық тиімділігі болғанымен, өзге қырынан залалы болса оның да ауыртпалығын ел көтереді. Сондықтан, бәрін әу бастан көп талқылап, көп кеңесіп шешілуде. Бұл әсіресе өнеркәсіптік жобаларға тиесілі ұстаным.

ӘЙГЕРІМ ҚАБЫЛТАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Әр келетін жобаны біз талқылаймыз. Оның экологиялық тұрғыдан технологияларына, қандай зиянды шығындылары болады, қандай технология қолданатынын да біз талқылап, тиімді технологиялармен іске асыруға мүмкіндік жасап жатырмыз.

Ел Президенті инвестиция тартып, экономикаға серпін беру керектігін баса айтып, жіті тапсырды. Сондықтан, бүкіл Үкімет осы салаға сергек көз салып, қаржысы барларға мүмкіндік беріп келеді. Павлодар облысы да, өз әлеуетін барынша пайдалауға бейілді.

Жанасыл Серікбол