Су тасқыны қаупінің алдын алу Баянауыл ауданында пысықталды. Арнайы топ келіп, қауіпті деген аумақты бақылады. Жергілікті билік өкілдерімен бірге Сәтбаев ауылының бөгеті мен Қарасу өзені тексерілді.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының аумағында орналасқан Ақжар және Қаратоқа бөгеттері аэровизуалды бақылаудан өтті. Күн күрт жылынуына байланысты қар мен мұздың ери бастаған. Қазір бөгеттердегі жағдай тұрақты. Бұл алдын алу шара су тасқыны қаупінің алдын алу және қажет болған жағдайда жедел әрекет ету мақсатында жүргізіледі.
Сабина Жолдаспаева